01.12.2025
Жаңа технология – өнім сапасының кепілі

Индустриялық аймақта тағы бір кәсіпорынның қуаты артты. Қарағандыда құю-машина жасау зауыты жыл сайын 13 мың тонна өнім шығарады. Мұнда кен байыту, ауыр жүк техникалары, теміржол тасымалына, шахта, мұнай-газ өндірісіне, жылу нысандарына қажетті жабдықтар мен бөлшектер жасалады. 

Алексей Белякиннің  №1 механикалық - құрастыру цехында жұмыс істегеніне 3 жылдан асыпты. Мамандығы инженер –технолог. Кәнігі кәсіби маман  зауыттағы заманауи технология жұмысты жеңілдетіп,өнім түрлерін арттыруға жол ашты дейді. 

Алексей Белякин, Инженер технолог: 

- Механикалық құрастыру цехында  тау-кен кеніштеріне  керекті түрлі валдар мен шарлы диірмендер, мұнай-газ саласы қажетті станактор, редукторлар дайындалады. Жалпы зауытта  жылына 13 мың тонна дайын өнім жасалады. 

Ал Иван Варинский Қарағанды құю-машина жасау зауытына жұмысқа орналасқанына 25 жыл болды. Осы ширек ғасырда ол сандық бағдарламалық басқару станакторының операторына айналды.  

Иван Варинский, Оператор: 

- Жаңа қондырғының талабы жоғары. Мейлінше жауапкершілік пен тиянақты болуың шарт. Қателікке ешқашан жол беруге болмайды. Мұндай қондырғыны қолдану бір жағынан өзіме өте қолайлы. Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жаңа жабдықтардың арқасында цехтың ауыр жұмысы едәуір жеңілдеді деп айтуға толық негіз бар.  

№1 механикалық-құрастыру цехы 2018 жылы жаңғыртудан өтті. Чехия, Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Финляндияның ең озық үлгідегі қондырғылары орнатылды. Өндірісті дайындаудың бірыңғай жүйесі енгізілді. Станоктар цфирлық  бағдарламамен басқарылады.  

Жылына  зауытта 13 мың тонна өнім шығарылады. Қарқыны қуатты кәсіпорында 856 адам еңбек етіп жүр. Осылайша ел экономикасына еселі үлес қосып келеді.  


Дереккөз: Jibek Joly