22.10.2025
С.М. Киров атындағы зауыттың басты мақтанышы – адамдар

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ отандық өнеркәсіптің болашағын өз еңбегін, білімін және энергиясын ортақ іске арнап жүрген адамдар қалыптастырады деген сенімде.

Зауыттың даму бағыты баяғыда айқындалған – жаңғырту, цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу. Дегенмен, ең басты басымдықтардың бірі – қызметкерлерге қамқорлық жасау.

Кәсіпорында тәлімгерлік бағдарламалар, корпоративтік тренингтер, жаңа технологияларды үйрету жүйесі жолға қойылған, сондай-ақ салауатты өмір салты үшін барлық жағдай жасалған – зауыттың өз спортзалы жұмыс істейді.

Жас мамандар үшін зауытта нақты кәсіби өсу мүмкіндіктері ашық.

№1 механикалық цехтың слесары, 19 жастағы Глеб Карандасов зауытқа колледжден кейін келген және қазірдің өзінде мамандығына сенімділікпен қарайды:

«Басында жай ғана өндірісте жұмыс істеп көремін деп ойладым. Бірақ бірден осы жерже қызық екенін түсіндім. Тәлімгерлер қолдау көрсетіп, қалай жұмыс істеу керегін көрсетті, енді маған көбірек сенім артады. Күн сайын жаңа нәрсе үйренемін, нағыз шебер болғым келеді. Ең бастысы – ұжым. Қасыңда көмектесетін адамдар болғанда, жұмыс істеу жеңіл».

Ал 24 жастағы Әнел Жанбутина, кедендік рәсімдеу маманы, зауытты саналы түрде таңдаған:

«Мен үшін беделі жоғары, тұрақты және дамуға мүмкіндік беретін компанияда жұмыс істеу маңызды болды. Күн сайын жаңа міндеттермен бетпе-бет келемін – ұсақ-түйекке дейін мұқият болу керек, себебі менің шешімдерім жеткізілімдердің жылдамдығына әсер етеді. Бұл мені әрі қарай өсуге ынталандырады».

Глеб пен Әнелдің оқиғалары – С.М. Киров атындағы зауытта дәстүр мен жаңашылдықтың, аға буын тәжірибесі мен жастардың жігерінің үйлесім тапқанын көрсетеді.

Мұнда өткенге құрметпен қарап, болашаққа сеніммен көз тігеді және мақтануға лайық өнеркәсіп қалыптастырады.