15.06.2026
«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ қорғалған байланысқа арналған отандық бейнетелефондар өндірісін бастады

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ «SOiLEPHONE» ЖШС-мен бірлесіп, қауіпсіздік талаптары жоғары нысандарда қорғалған аудио және бейнебайланысты ұйымдастыруға арналған АВТ-SOiLEPHONE-2 отандық бейнетелефонын өндіру жобасын жүзеге асырды.

Бағдарламалық-аппараттық кешенді «SOiLEPHONE» ЖШС мамандары әзірледі, ал жабдықтың сериялық өндірісі радиоэлектроника мен арнайы техниканы шығаруға маманданған отандық жетекші кәсіпорындардың бірі – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ өндірістік базасында жүзеге асырылуда. Өнім әзірлеушінің техникалық құжаттамасына сәйкес, жабдықтың сапасы мен сенімділігіне қойылатын белгіленген талаптарды сақтай отырып шығарылуда.

АВТ-SOiLEPHONE-2 бейнетелефоны ақпаратты беру қауіпсіздігі мен коммуникацияларды бақылау ерекше маңызға ие қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, құқық қорғау органдарында, күштік құрылымдарда және басқа да мемлекеттік ұйымдарда пайдалануға арналған. Қазіргі уақытта жабдық Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жеткізілуде, сондай-ақ оны әскери бөлімдер мен арнайы мемлекеттік органдарға енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.

Болашақта әзірлеушілер АВТ-SOiLEPHONE-2 платформасын денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп және әлеуметтік сала сияқты азаматтық секторларда қолдану мүмкіндігін де қарастыруда. Жобаны одан әрі дамыту аудио және бейнебайланысты, пайдаланушыларды сәйкестендіруді және мамандандырылған цифрлық сервистерді біріктіретін қорғалған коммуникациялардың бірыңғай экожүйесін құруды көздейді.


Дереккөз: ke.kz