05.02.2026
Shell және QazaqGaz геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

"QazaqGaz"ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қазақстандағы Shell концернінің аға вице-президенті және төрағасы Сюзан Куганмен кездесті. Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын талқылады.

Кездесу аясында Shell бірлесіп жұмыс істеу туралы өзінің көзқарасын ұсынды. Сондай-ақ, болашақ жобалардың негізін қалайтын бағыттарды белгіледі. Жалпы кездесу газ саласын дамыту перспективаларына арналды. 

Тараптар газ жобалары мен геологиялық барлаудың тиімділігін арттыру жолында тығыз стратегиялық ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.


Дереккөз: qazaqgaz.kz