Сенатта Сүйіндік Алдашевтің төрағалығымен экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысы өтті. Кездесуде Қарағанды облысы, Саран қаласында өткен, машина жасау саласын дамытудың негізгі мәселелері қаралған дөңгелек үстелден кейін дайындалған хаттама тармақтары талқыланды.
Талқылау басталмас бұрын, Сүйіндік Алдашев хаттамада бизнестің бастамалары, салалық одақтардың ұсыныстары және мемлекеттік органдардың одан әрі іс жүзінде пысықтауды талап ететін ұстанымдары көрініс тапқанын атап өтті.
«Біздің міндетіміз - хаттаманың әрбір тармағының нақты орындалуын қамтамасыз ету. Дөңгелек үстел қорытындысы салада жүйелі мәселелер бар екенін көрсетті және олар уәкілетті органдар тарапынан уақтылы реакция алуы тиіс», - деп атап өтті сенатор.
Осыдан кейін қатысушылар заңнаманы дамыту жөніндегі ұсыныстарды, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы заңды дайындауды қарауға көшті. Орта бизнес үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шегерімдер, өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыру шарттары, сондай-ақ мұнай-газ компаниялары тарапынан отандық машина жасаушылардың өнімін сатып алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Энергетика министрлігінің қазақстандық тауарларды сатып алу тәртібіне қабылдаған өзгерістері отандық өндірушілер үшін қазірдің өзінде қосымша ынталандырулар жасауда, алайда бұл шараларды іс жүзінде енгізу бойынша келесі жұмыс қажет. Әрбір мемлекеттік органның өзінің ресми ұстанымын ұсынып, нақты шешімдерді ұсынуы маңызды. Бұл бізге талқылаудан нәтижеге көшуге және ұлттық машина жасауға нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Сүйіндік Алдашев.
Дереккөз: senate.parlam.kz