"QazaqGaz "ҰК" АҚ басшылығы Қазақстанның Машина Жасаушылар Форумына қатысты. “QazaqGaz” ҰҚ АҚ Басқарма Төрағасының күрделі құрылыс және жаңа жобалар жөніндегі орынбасары Батыржан Тергеусізов форум аясында панельдік сессияда сөз сөйледі. Ол өз сөзінде компания отандық өндірушілермен ынтымақтастықты дамытуға және компания жобаларында жергілікті қамтуды арттыруға ниетті екендігін атап өтті.
QazaqGaz-да оффтейк-келісімшарттар, сатып алу талаптары және техникалық ерекшеліктер бойынша консультацияларды қоса алғанда, қазақстандық кәсіпорындармен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.
Ұлттық компания басшылығы форумға қатысу жоспарларды еліміздің машина жасау секторымен үндестіруге және отандық кәсіпорындардың инфрақұрылымдық газ жобаларын іске асыруға қатысу аясын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дереккөз: qazaqgaz.kz