03.09.2025
«ПАМЖЗ» АҚ «Силлено» ЖШС-мен жұмыс кездесуін өткізді

28 тамызда Қазақстанның машина жасаушылары одағының қатысушысы – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-ның алаңында «Силлено» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесу өтті.

Қонақтар кәсіпорынның өндірістік қуаттылығымен танысты: механикалық өңдеу, дәнекерлеу, дайын бұйымдарды құрастыру, жылыту панельдерін автоматты дәнекерлеу және гидросынақ учаскелерін аралап көрді. Зауыт мүмкіндіктерін шолу барысында техникалық аудит элементтері қамтылды.

Әлеуетті тапсырыс беруші өкілдері ПАМЖЗ-ның өндірістік цикліне жоғары баға беріп, дайын өнім шығаруға қажетті барлық технологиялық қайта өңдеулердің бір кәсіпорында шоғырлануын ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастықты дамытуға мүдделілік танытты.

«Силлено» ЖШС Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасының операторы болып табылады.