06.08.2026
Отандық тауар өндірушілерге ЭКСЖ ұлттық жобасының сатып алу платформасында авторизациядан өту қажет

Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген отандық тауар өндірушілерге «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасының электрондық сатып алу платформасында meks.zakup.sk.kz/board сілтемесі арқылы авторландырудан өту қажет.

Аталған платформа арқылы қазақстандық өндірушілер тауарларға қажеттіліктің орналастырылғаны туралы хабарламалар алып, Ұлттық жобаны іске асыру аясындағы сатып алуға қатысу үшін өз ұсыныстарын жолдай алады.

Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар өнімді жеткізуге арналған тапсырыстарды қалыптастыру жұмыстарын бастап кетті. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тіркелген кәсіпорындар электрондық платформа арқылы өздерінің баға ұсыныстарын орналастыру арқылы сатып алу рәсімдеріне қатыса алады.