2026 жылғы 20–22 тамыз аралығында Алматы қаласында Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының 2026 жылғы импорттық және экспорттық тауарлар көрмесі өтеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы Елшілігінің қолдауымен өткізіледі. Көрменің бірлескен ұйымдастырушысы – Pan Asia Forward Co., Ltd. (PAFC) компаниясы.
Көрмеге Цзянсу провинциясының жетекші өндіруші компаниялары, экспорттаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде іскерлік байланыстар орнатуға және серіктестер іздеуге мүдделі инвесторлар қатысады.
Көрмеге қатысу қазақстандық компанияларға:
Өтетін орны: «Атакент» КІЫО, №11 павильон, Алматы қаласы
Күні: 2026 жылғы 20–22 тамыз
Көрмеге қатысу үшін сілтеме арқылы алдын ала тіркеуден өту қажет.
Байланыс тұлғасы: Ищук А. +7 701 530 1550