Машина жасау саласындағы жұмыс – бұл тек жоғары технологиялар ғана емес, сонымен бірге елдің дамуына тікелей ықпал ету мүмкіндігі.
Жарқын мысал – «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС компаниясының өндіріс департаментінің аға маманы Мөлдір Қалиева. Ол зауытқа 2013 жылы колледжді аяқтағаннан кейін келіп, 12 жыл ішінде техниктен аға маманға дейінгі жолдан өтті.
Бүгінде Мөлдір отандық тапсырыс берушілер арасында сұранысқа ие байланыс жүйелері мен радиоаппаратура өндірісімен айналысады. Оның тәжірибесі – оқуға, дамуға және жауапкершілік алуға дайын жас мамандар үшін машина жасау үлкен мүмкіндіктер ашатынын көрсетеді.
Бүгінгі машина жасау – бұл:
«Менің қызметімдегі ең қызығы – оның сан қырлылығы. Біз күрделі әрі маңызды өнім шығарамыз, және әр жолы нәтижені көргенде жауапкершілікті де, мақтаныш сезімін де қатар сезінемін. Әсіресе өндірістің заманауи талаптарға сай автоматтандырылып, жаңғыртылып жатқаны жігер береді. Автоматтандыру өндірісті тек өнімді етіп қана қоймай, қызметкерлерге жаңа құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік береді», – дейді Мөлдір Қалиева.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жас инженерлердің кәсіпорынмен бірге өсіп, еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін нығайтуға бағытталған үлкен әрі маңызды миссияда өз орнын табуына барлық жағдай жасап отыр.
«Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) 2011 жылы Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі саласындағы байланыс және ақпараттық технологиялар, радиолокация және радиоэлектрондық күрес, электрооптика, авионика, қару-жарақ жүйелері, жаңғырту, басқару жүйелері, көлік, қауіпсіздік, автомобиль жолдарында ақы алу жүйелері, автоматтандыру, биомедициналық және медициналық жабдықтар бағыттарындағы міндеттерді орындау мақсатында құрылды.
Материал «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ақпараты негізінде дайындалды