24.12.2025
Олжас Бектенов пен Alstom теміржол өндірісін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша Alstom Kazakhstan басқарушы директоры Жером Бойемен келіссөз өткізді .

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар кездесу өткізді. 

Alstom Kazakhstan басшылығымен келіссөздер темір жол машинасын жасау саласын дамыту мәселелеріне және «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорнының дайын өнім экспорты нарығын кеңейту перспективаларына арналды. Бүгінгі таңда зауытта өндірісті локализациялау деңгейі 10%-дан 35%-ға дейін өсті.


Дереккөз: primeminister.kz