«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен өңдеу өнеркәсібіндегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын жаңғыртуға арналған лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.
Қордың мәліметінше, бағдарлама шағын және орта бизнес субъектілерін техникалық жарақтандыру және қайта жарақтандыруға, жаңа өндірістік жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын кеңейтуге қолдау көрсетуге бағытталған.
Бағдарлама аясындағы лизингтік қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңнің жалпы бюджеті 5 млрд теңгені құрайды. Кейінгі кезеңдер бойынша қаражат бөлінген жағдайда бұл туралы қосымша ақпарат берілетін болады.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
Сонымен қатар бағдарлама аясында лизингтік қаржыландыру алуға кедергі болатын бірқатар шектеулер бекітілген. Атап айтқанда, мерзімі өткен салық берешегінің болуы, алкоголь және темекі өнімдерін өндіруге байланысты қызмет түрлері, сондай-ақ бағдарлама талаптарына сәйкес келмейтін өзге де қызмет бағыттары қаржыландыруға жіберілмейді.
Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді іріктеу Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейтін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалдары арқылы жүзеге асырылады.
Іріктеуден өткен жобаларды қаржыландыруды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жүзеге асырады.
Дереккөз: tengrinews.kz