26.05.2026
МАШЗАВОД 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

МАШЗАВОД 30 жылдық мерейтойын атап өтеді

Кәсіпорын 1996 жылы ҮМЗ-ның бірнеше бөлімшелері негізінде құрылды және оның еншілес компаниясына айналды. Алғашқы жылдары мұнда халық тұтынатын тауарлар - электр ет тартқыштар, шырынсыққыштар, пластмассадан жасалған бұйымдар және басқа да өнімдер шығарылған, сонымен қатар бір уақытта атом саласы мен теміржол аясы үшін құрамдас өнімдерді жасауды игерген.

2005 жылдан бастап дамудың жаңа кезеңiне өтті: кәсiпорын Оңтүстiк Қазақстан облысының уран өндiру кенiштерiнің құрылысына қосылды. Ұжым уран өндіру өнеркәсібіне арналған стандартқа сәйкес емес жабдықтар, металл құрастырылымдар мен сорғылы агрегаттарды шығаруды игерді.

Бүгінде МАШЗАВОД - Қазақстанның ірі өнеркәсіптік жобаларын іске асыруға қатысатын, даму тарихы бай заманауи кәсіпорын.