Қазақстанда машина жасау саласы қарқынды дамуын жалғастыруда: кәсіпорындарға техникалық мамандарға сұраныс артып келеді, ал колледждер мен жоғары оқу орындары дуалды оқыту бағдарламаларын кеңейтуде. Бүгінде машина жасаушы мамандығын қайдан алуға болатыны және бұл сала қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы Allur компаниясында айтып берді.
Компанияның мәліметінше, Қазақстандағы машина жасау саласы жаңа даму кезеңіне өтіп, экономиканың негізгі бағыттарының біріне айналып келеді. Автомобиль өнеркәсібінің белсенді дамуы, өндірістерді жергіліктендіру және заманауи технологияларды енгізу білікті техникалық кадрларға тұрақты сұраныс қалыптастыруда. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, Қазақстандағы машина жасау өндірісінің көлемі 21,9 пайызға өсті.
Компания өкілдерінің айтуынша, осындай жағдайда машина жасаушы мамандығы еңбек нарығына жылдам шығуды көздейтін жастар үшін ерекше өзектілікке ие болып отыр. Қазақстанда машина жасау саласына кадр даярлауға бағытталған бірқатар оқу орындары жұмыс істейді. Олардың қатарында Қостанай өңіріндегі 7 колледж және республика бойынша 8 колледж Allur компаниясының бірыңғай дуалды оқыту жүйесіне кіреді. Сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі серіктестері қатарында 5 өңірлік, 10 республикалық, 2 ұлттық және 5 шетелдік жоғары оқу орны бар.
Машина жасаушы мамандығын қайдан оқуға болады?
Қостанай өңірінің колледждері:

Республикалық колледждер:

Жоғары оқу орындары:

Бұл оқу орындарындағы білім беру мерзімі орта есеппен екі жылдан төрт жылға дейін созылады және теориялық дайындықты тәжірибелік сабақтармен ұштастырады. Бұл түлектерге нақты өндіріс жағдайларына тез бейімделуге мүмкіндік береді.
Компанияның мәліметінше, бұл жүйеде бизнестің қатысуы маңызды рөл атқарады. Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары кадрлық әлеуетті дамытуға инвестиция салып, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылдың тұрақты экожүйесін қалыптастыруда. Осы үдеріске белсенді қатысушылардың бірі – еліміздегі жетекші автокөлік өндірушілерінің бірі Allur компаниясы. Компания заманауи құзыреттерге ие мамандар даярлауға мүдделі және техникалық білім мен тәжірибеге бағытталған оқытуды дамытуға арналған бастамаларды қолдайды.
Мысалы, компания мәліметінше, Allur зауытымен бірлесіп білім беру бағдарламалары жаңартылуда, өндірістік тәжірибе және оқытушылардың тағылымдамасы бағдарламалары жүзеге асырылуда. Компания Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің материалдық-техникалық базасын дамытуға белсенді қатысуда. Атап айтқанда, оқу орнында кітапхана, конференц-зал, спорт нысандары және оқу зертханалары жаңартылды.
2024 жылы колледж Allur зауытымен бірлесіп «автомобиль жасау» мамандығын ашып, CKD өндіріс технологиясы бойынша білім беру бағдарламасын әзірледі. Сондай-ақ, зауыт қажеттілігіне сай мамандар даярлайтын барлық оқу орындарының студенттеріне арналған Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі базасында ұсақ тораптық CKD өндірісі технологиясы (дәнекерлеу, сырлау, құрастыру) бойынша Allur кәсіби құзыреттер орталығы ашылды.
– Бүгінде машина жасау – ел өнеркәсібінің болашағы қалыптасатын сала. Біз өз міндетімізді мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруден бастап, дуалды оқыту мен өндірісте жұмысқа орналастыруға дейінгі кадр даярлаудың толық циклін қалыптастыру деп білеміз. Дәл тәжірибеге бағытталған білім жас мамандардың кәсіпке тез бейімделіп, заманауи индустрияның бір бөлігіне айналуына мүмкіндік береді, – деді Allur зауытының директоры Арғұлан Майқонов.
Allur командасының пікірінше, машина жасау саласының дамуы сұранысқа ие мамандықтар құрылымына тікелей әсер етеді. Бүгінде кәсіпорындарға заманауи жабдықтармен, автоматтандырылған желілермен және өндірісті цифрлық басқару жүйелерімен жұмыс істей алатын мамандар қажет. Бұл колледж түлектерінің тек базалық техникалық білім алып қана қоймай, қазіргі индустрия талаптарына сай дағдыларды меңгеретінін білдіреді.
Осылайша, Қазақстандағы машина жасау бүгінде білім беру мен өндірісті біріктіретін стратегиялық маңызды бағыт ретінде қалыптасуда. Бұл мамандықты таңдау талапкерлерге кәсіби өсу мен отандық индустрияны дамытуға қатысудың нақты мүмкіндіктерін ашады. Компания өкілдерінің атап өтуінше, бизнес пен білім беру ықпалдастығы күшейген қазіргі жағдайда дәл осындай мамандар елдің тұрақты экономикалық дамуының негізгі ресурсына айналуда.
Дереккөз: tengrinews.kz