Қазақстан экономикасы тұрақты өсім динамикасын сақтап отыр. Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар–шілде айларында елдің ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрады.
Экономикалық өсімнің негізгі драйверлерінің бірі – өңдеу өнеркәсібі. Жеті айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9%-ға өсті. Өңдеу салалары арасында жоғары өсім қарқынын машина жасау – 22% көрсетті.
Машина жасау өңдеу секторы өсімінің негізгі көшбасшыларының біріне айналды. Өндіріс қарқыны бойынша сала бірқатар басқа бағыттарды басып озды. Сондай-ақ фармацевтикада (+38,5%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (+35%), химия өнеркәсібінде (+26,9%), тамақ өнімдерін өндіруде (+13,9%) және құрылыста (+15,3%) жоғары өсім байқалды.
Өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсімі экономиканың одан әрі әртараптандырылып, қосылған құны жоғары өндірістердің рөлі артып келе жатқанын көрсетеді.
Машина жасау саласы үшін бұл өндірістік мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтуге, жергілікті қамтуды арттыруға, отандық өнім көлемін ұлғайтуға және қазақстандық өндірушілердің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.