01.10.2026
Кәсіпорындардың өнеркәсіптік энергетикасы және инженерлік инфрақұрылымы жөніндегі халықаралық көрме

«Astana Expo» көрме компаниясы кәсіпорындар мен сала мамандарын 2027 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін KazInterPower өнеркәсіптік энергетика және кәсіпорындардың инженерлік инфрақұрылымы жөніндегі халықаралық көрмесіне экспонент ретінде қатысуға шақырады.

Көрме энергетика және өнеркәсіп секторларының кәсіби аудиториясына – кәсіпорын басшыларына, бас энергетиктерге, инженерлерге, жобалаушыларға, пайдалану және сатып алу жөніндегі мамандарға бағытталған.

Қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша өз шешімдері мен технологияларын ұсына алады:

- энергетикалық жүйелерді жаңғырту;

- электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру;

- өндірістік шығындарды азайту;

- автоматтандыру;

- кәсіпорындардың электротехникалық инфрақұрылымын жаңарту.


KazInterPower машина жасау, металл өңдеу және дәнекерлеу технологиялары жөніндегі Kazakhstan Machinery Fair 2027 халықаралық көрмесімен қатар өтеді.

Көрмелерді бірлесіп өткізу заманауи технологияларды таныстыруға, практикалық тәжірибе алмасуға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға арналған кәсіби алаң қалыптастырады.


Өтетін орны: Астана қаласы

Өтетін күні: 2027 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір

Толығырақ: kazinterpower.kz

Брошюра