02.10.2025
«Иннопром. Беларусь» аясында қазақстандық компаниялар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

«Иннопром. Беларусь» халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында қазақстандық «СемАЗ» және KAMLIT.KZ компаниялары «Кемеровский опытный ремонтно-механический завод» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

KAMLIT.KZ компаниясы техникаға арналған жоғары беріктік қасиеттері бар шойыннан құйылатын мост картерін өндіру мүмкіндігін қарастыруда.

«СемАЗ» ЖШС зауытының өндірістік алаңдарында арнайы жол-коммуналдық техниканы құрастыру бойынша бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Аталған техниканың қолданылу ауқымы автомобиль жолдарының заманауи элементтерін, жол жиегін, тоннельдерді, дыбыс оқшаулағыш қабырғаларды, сондай-ақ қаңқа құрылымдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын қамтиды.