Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті машина жасау, химия өнеркәсібі және көлік-логистика секторы кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған онлайн-конференция ұйымдастырады.
Онлайн-конференция тақырыбы – машина жасау, химия өнеркәсібі және көлік-логистика секторы кәсіпорындары үшін цифрлық құзыреттер мен кадрларды даярлау.
Мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындау және университет пен бизнес арасында тұрақты байланыс орнату.
Уақыты мен күні: 2025 жылғы 18 қыркүйек, сағат 15:00.
Машина жасау, химия өнеркәсібі және көлік-логистика секторы кәсіпорындарының қызметкерлерін конференцияға қатысуға және салалардың цифрлық құзыреттерін дамытуға үлес қосуға шақырамыз!
Байланыс тұлғасы: Сауле Бекжанова, +77017994770
Онлайн-конференцияға сілтеме (Zoom):
https://us04web.zoom.us/j/71473409210?pwd=0qaadIURWBgjWTPqoMSm1vDwOGEEYr.1
Кіру коды: ncigt8