«Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты» АҚ – Қазақстандағы ең көне әрі жоғары технологиялық кәсіпорындардың бірі, робототехникалық және теңіз жүйелерін әзірлеу мен өндіру бағытында жетекші орынға ие.
1972 жылы Орал қаласында «Зенит» зауытының арнайы конструкторлық бюросы негізінде құрылған институт бастапқыда КСРО Кеме жасау өнеркәсібі министрлігінің Ленинградтағы Орталық ғылыми-зерттеу институты «Гидроприбордың» филиалы ретінде қызметін бастады.
Кәсіпорын бастапқыда іздестіру, апаттық-құтқару және арнайы суасты-техникалық жұмыстарды жүргізуге арналған суасты робототехникалық құралдарын әзірлеу және өндіру бойынша ғылыми-зерттеу кешені ретінде құрылған болатын.
Бүгінде «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ келесі бағыттар бойынша жобалау, шағын сериялы өндіру және инжинирингпен айналысады:
Институт құрылған сәттен бастап теңіз техникасы саласындағы инженерлік шешімдердің алдыңғы қатарлы орталығына айналды. Мұнда ондаған жүзу құралдары, суасты жұмыстарына арналған мобильді сүңгуір кешендері, буйлар мен теңіз навигациясына арналған белгілер, сондай-ақ мұнай мен газ тасымалына арналған есептеу жүйелерінің жабдықтары жасалды.
«Гидроприбор» атауы бүгінде Қазақстанда және шетелде теңіз техникасына арналған жоғары технологиялық әрі ғылымды қажет ететін өнімнің синониміне айналды.
Институттың алғашқы жобаларының қатарында – мемлекеттік сынақтардан өткен «Катран-1» және «Катран-2» пилотсыз суасты аппараттары, сондай-ақ «Дельфин», «Стриж», «Залом», «Дудинка» өнімдері бар.
«Дельфин» аппараты Қиыр Шығыста атып түсірілген оңтүстіккореялық Boeing ұшағын іздестіру кезінде пайдаланылған.
Кәсіпорынның екінші онжылдығында жаңа зертханалық корпус салынып, Шалқар көлінде сынақ базасы құрылды. 1989 жылы инженерлер СТИУ-2 «Кетмень» атты теле басқарылатын өздігінен жүретін кешенді әзірлеуді аяқтады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін институт «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ болып қайта құрылып, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына енді.
Жинақталған ғылыми және өндірістік тәжірибенің арқасында кәсіпорын суасты арнайы техниканы жобалау жұмыстарын табысты жалғастырып келеді.
Сол жылдары мұнай өндіру аймақтарында іздестіру және техникалық жұмыстар жүргізуге арналған «Омар» және «Медуза» заманауи пилотсыз суасты аппараттары жасалды.
Машина жасау мен қолданбалы ғылымның дамуына қосқан зор үлесі үшін «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ бірнеше рет мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды, әрі бүгінгі таңда Қазақстан мен ТМД елдеріндегі жетекші ғылыми-өндірістік кәсіпорындардың бірі ретінде мойындалған.
Институт дәстүрін сақтай отырып, машина жасау инженерлерін даярлайтын орталық болып қала береді.
Жыл сайын мұнда елдің техникалық жоғары оқу орындарының ондаған студенттері өндірістік тәжірибеден өтеді. Ең үздіктері институтта жұмысын жалғастырып, инновациялық машина жасау саласында баға жетпес тәжірибе жинақтайды.
«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ – бұл ғылыми дәстүрлер мен заманауи технологиялар, кәсібилік пен инженерлік шеберлікті үйлестіре отырып, отандық машина жасау мектебінің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын.