Тұтас таптамалы дөңгелектерді сатудың коммерциялық басталуы сертификаттау құжаттарының толық пакеті алынғаннан кейін бірден жоспарлануда, ал нақты көлемдер мен мерзімдер сынақ нәтижелері мен расталған сұранысты ескере отырып қалыптастырылады. Сертификаттау процесі қазіргі уақытта әлі де жалғасып жатқанына қарамастан, кәсіпорын Еуропалық Одақ елдеріндегі әлеуетті тұтынушылар тарапынан өз өніміне деген тұрақты қызығушылықты тіркеп отыр.
Railways Systems KZ холдингі сертификаттау рәсімдерін бастап, Еуропаға алғашқы дөңгелектерді жөнелтті. Бұл Чехиядағы аккредиттелген сынақ орталығына жіберілген термомеханикалық сынақтарға бағытталған тұтас таптамалы дөңгелектердің үлгілері туралы болып отыр. Және бұл сертификаттау процесіндегі негізгі кезең және өнім еуропалық нарыққа іс жүзінде мақұлданбақ.
Еуропалық нарыққа шығуға дайындық кезең-кезеңімен атқарылған жұмыстың нәтижесі болды. Компания технологияларды EN 13262 - теміржолда қолданылатын дөңгелек дискілеріне, арбашалар мен дөңгелектерге арналған стандартты талаптарына сай бейімдеді. Құжат дөңгелектердің жіктелуін, материалдарға қойылатын талаптар (болат), геометриялық рұқсаттар, механикалық қасиеттер (қаттылық), теңгерімдеу, бақылау әдістерін (ультрадыбыс) және пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таңбалауды қамтиды. Кәсіпорын жабдықтар мен керек-жарақтарды жаңартып, сапаны бақылау жүйесін күшейтті, шикізат жеткізу тізбегін қайта қарап, персоналды дамытуға инвестиция салды. Сонымен қатар, еуропалық сегментке талдау жүргізіліп, ЕО талаптарына бағытталған өнім шығару бойынша жаңа жоба әзірленді.
«Компания үшін бұл жай ғана ресми жеткіу ғана емес, әлемдегі ең талапшыл теміржол жүйелерінің біріне жасалған стратегиялық қадам. Сынақтардан сәтті өту және кейінгі сертификаттау еуропалық нарыққа жол ашады және ЕО-ның негізгі ойыншыларымен ұзақ мерзімде серіктес болуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Railways Systems KZ холдингінің бас директоры Роман Павлингер.
Компанияның халықаралық өндіруші ретіндегі беделін нығайтуға бағытталған алғашқы қадам 2025 жылдың қазан айының соңында жасалды. Railways Systems KZ және DB Engineering & Consulting Берлинде ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойды.
Құжаттар серіктестік қатынастарды дамытуға, инженерлік тәжірибе алмасуға және қазақстандық кәсіпорындардың Deutsche Bahn аккредиттелген өнім берушілері мәртебесін алуына жағдай жасауға бағытталған.
Еуропа үшін RWS KZ ER7 маркалы BA303 және BA004 типті болаттан жасалған тұтас таптамалы дөңгелектерді әзірлеуде. Бұл конструкциялар еуропалық теміржолдардың жүк жылжымалы құрамының дөңгелек жұптарында қолдануға арналған, оның сенімділігі жай ғана сипаттама емес, пайдалануға беру шарты болып табылады.
Дөңгелектер Қазақстанда EN 13262:2020 стандартына сай қабылдау-тапсыру сынақтарынан өтті. Бұл өнімнің геометриялық және беткі күйінен бастап, болаттың химиялық құрамына, әртүрлі температурадағы соққы тұтқырлығына, қаттылығына, ішкі ақаулардың болмауына және коррозияға төзімділігіне дейінгі барлық негізгі параметрлер бойынша тексерілгенін білдіреді. Еуропалық нарық үшін мұндай сынақтар нақты өнімдері өткізетін сүзгі болып табылады.
Бүгінгі таңда алғашқы коммерциялық емес жөнелту соңғысы емес, бұл Railways Systems KZ компаниясының еуропалық теміржол экожүйесіне ену кезеңінің бастауы.
Дереккөз: Railways Systems KZ баспасөз қызметі