20.11.2025
ЕАЭО құрылыс-жол машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың үздік бағыттарын анықтады

Атап айтқанда, баламалы энергия көздерін қолданатын құрылыс-жол техникасын өндіру қарастырылып жатыр

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде құрылыс-жол машина жасау саласында өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары айқындалды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

"Атап айтқанда, құрылыс-жол техникасын баламалы энергия көздерін (газмоторлық отын, электр энергиясы, сутегі) пайдалана отырып өндіру, Одақ мемлекеттерінде өндірілетін құрылыс-жол техникасына арналған тораптар мен құрамдас бөлшектердің сапасын арттыруды ынталандыру, құрылыс-жол машина жасау саласында кері инжинирингті дамыту көзделеді", – делінген хабарламада.

Бұл шаралар ЕАЭО елдерінде құрылыс-жол машина жасау саласын дамыту үшін қажетті қадамдарды жүйелеуге, сондай-ақ осы саладағы кооперациялық өзара іс-қимылды күшейтуге жағдай жасайды.


Дереккөз: sputnik.kz