Бозшакөл станциясында 1/11 және 1/9 маркалы жаңа буын бағыттамалық бұрмалардың пайдалану сынақтары өтуде. Олар Railways Systems KZ теміржол холдингінің бағыттамалық бұрмалары өндірісінде әзірленді және дайындалды. Жаңа құрылымдар жолаушылар мен жүк тасымалының сапасын жақсартуға, құрамдардың қозғалыс жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа бағыттамалық бұрмалар сериялық шығарылатын бағыттамалық бұрмалардың орнына төселген және қазірдің өзінде жұмыстың тұрақты нәтижелерін көрсетуде. Сынақтар бұйымдардың мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкестігін растауға және олардың пайдалану жүктемелеріне төзімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Он екі ай ішінде RWS KZ холдингінің бағыттамалық бұрмалар өндірісінің мамандары «Қазақстан темі ржолы» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлесіп тұрақты тексерулер, геометриялық параметрлерді өлшеу және профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізеді. Сынақтар кезінде елеулі ескертулер анықталған жоқ. Учаскеде теміржол жолының ағымдағы күтімі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес стандартты жұмыстар жүргізіледі – сырғу беттерін тазалау, бұрма механизмдерін реттеу, клемма бұрандаларының бұрамашегелері мен сомындарының қатаюын бақылау. Сынақтар аяқталғаннан кейін қабылдау комиссиясы құрылады, ол Қазақстанның теміржол желісінде инновациялық бағыттамалық бұрмаларды кеңінен қолдану мүмкіндігін айқындайды.
СП-1/11 және СП-1/9 бағыттамалық бұрмалары Р65 типті рельстерге арналып жасалған. Олар кешенді инженерлік жұмыстың және кәсіпорын командасының батыл техникалық шешімдерінің нәтижесі болды. Оларды түзу жол бойымен пайдаланған кезде қозғалыстың ең жоғары жылдамдығы 160 км/сағ дейін (1/9 маркалы бағыттамалық бұрма үшін 140 км/сағ дейін), бүйірлік – 50 км/сағ дейін (1/9 маркалы бағыттамалық бұрма үшін 40 км/сағ дейін) құрайды. Оның құрылымына ұзындығы 13 320 мм болатын икемді, дәнекерленген ДЗ 350 үшкілдері және дәнекерленген рельсті ұштары бар моноблокты айқастырма және соққысыз сырғанау беті кіреді. Бұрмалардың жалпы ұзындығы: 1/11 маркалы – 34 858 мм, 1/9 маркалы – 32 635 мм. Бұл отандық инженерлер жасаған жаңа буын бағыттамалық өнімдерін енгізудің Қазақстандағы алғашқы тәжірибесі.
Railways Systems KZ жаңа бағыттамалық бұрмалары динамикалық жүктемелерді азайтуға, жолдың қызмет ету мерзімін ұзартуға және жылжымалы құрамның неғұрлым тегіс өтуін қамтамасыз етуге арналған. Олардың құрылымы үшкілдер мен айқастырмаларда дәнекерленген рельстерді және соққылардың әсерін азайтатын, жылжымалы құрамның өту динамикасын жақсартатын және қозғалыс қауіпсіздігін арттыратын соққысыз сырғанау бетін қолданумен ерекшеленеді.
Жобаның маңыздылығы өндіріс процесінің шеңберінен шығады. Бүгінгі таңда теміржол инфрақұрылымының тозуы мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Көлік министрлігінің мәліметінше, елдегі теміржол желілерінің 57%-ы жаңартуды қажет етеді. Теміржол төсемінің уақтылы жаңартылмай тозуы жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігі мен жылдамдығына теріс әсер етеді.
Осыған байланысты инновациялық отандық шешімдерді жаңғырту және енгізу мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуда. Қазіргі кезеңде ағымдағы жобалар шеңберінде 11 мың шақырым теміржол жөнделуде, сондай-ақ тағы 5 мың шақырымға жуық жол салу және қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл ретте жолдың жоғарғы құрылымының элементтерін өндірудегі инновациялық шешімдер оларды қолданудың негізгі шешімі бола алады.