«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында ашық шығармашылық байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – машина жасау саласын бұқаралық ақпарат құралдарында сапалы және объективті түрде көрсетуге ынталандыру.
Байқауға республикалық және жергілікті деңгейдегі Қазақстандағы барлық БАҚ қызметкерлері шақырылады.
Байқауға келесі жанрдағы материалдар қабылданады:
- очерк;
- сұхбат;
- репортаж;
- аналитикалық мақала;
- видеоматериал және басқалар.
Материалдар 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 2026 жылғы 1 сәуірге дейінгі аралықта жариялануы тиіс. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жүлделі орындар мен сыйақылар келесідей бөлінеді:
1) I орын – 1 000 000 теңге (1 жұмыс) «Қазақстанның машина жасау саласы туралы үздік материал» номинациясы бойынша;
2) II орын – 700 000 теңге (1 жұмыс);
3) III орын – 500 000 теңге (1 жұмыс).
Ескерту: сыйақыларға теледидар, интернет-БАҚ және баспа БАҚ-та жарияланған материалдар қабылданады.
Байқауға қатысуға өтініштер info@smkz.kz электрондық пошта арқылы «БАҚ байқауына» деген тақырыппен қабылданады. Байланыс телефоны: +7 (7172) 792 – 795.
Материалдарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 1 сәуір, сағат 18.00-ге дейін.
Толығырақ ақпарат байқау Ережесінде берілген.
БАҚ өкілдерін байқауға қатысып, отандық машина жасаудың жетістіктерін насихаттауға шақырамыз.