ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) қазақстандық жеткізушілерді тарту мәселесіне ерекше назар аудара отырып, сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТО-ның сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесі 79% құрады: тауарлар бойынша — 60%, жұмыстар мен қызметтер бойынша — 82%.
Ақшамен санағанда елішілік құндылығы бар сатып алу үлесі 105 млрд теңгеге жетті.
2025 жылы отандық тауар өндірушілермен 10 офтейк-келісімшартқа қол қойылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда алты келісімшартқа артық.
Офтейк-келісімшарттар, атап айтқанда, «BiG partners» ЖШС, «ЭлтексАлатау» ЖШС, «PowerТech қазақстандық энергетикалық шешімдер зауыты» ЖШС, «Жетісу изоляторы» ЖШС, «Қазақстан ЭХЗ технологиясы БК» ЖШС, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «A.Рriori» ЖШС, «Байланыс корпорациясы» ЖШС, «KMG Automation» ЖШС сияқты отандық кәсіпорындармен жасалды. Аталмыш компаниялар оқшаулағыш таспаларды, коммутаторларды, аккумуляторлық батареяларды, оқшаулағыштарды, жерге тұйықтағыштарды, сорғыларды, кеңсе жиһаздарын, радиостанцияларды, қысым датчиктерін шығарады.
Ірі жобаның бірі — тауарлық мұнайды айдау үшін орталықтан тепкіш сорғы қондырғысын жеткізу туралы келісім болды, бұрын мұндай жабдық тек шетелден жеткізілген.
Отандық өнімді пайдалану ҚТО-ның өндірістік инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, жергілікті өнеркәсіптің дамуына да ықпал етеді. Қазақстандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттар жасасу 37 жаңа жұмыс орнын ашуды, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруды және өндірістік процестерге заманауи стандарттарды енгізуді қамтамасыз етті.
Дереккөз: kmg.kz