06.02.2026
«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері KARLSKRONA LC AB сорғы агрегатын қабылдау-тапсыру сынақтарына қатысты

«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері CNP (SA) 1700-156 (S) сорғы агрегатын қабылдау-тапсыру сынақтарына және қабылдауға қатысу үшін KARLSKRONA LC AB компаниясының өндірістік алаңына барды.

Қабылдау барысында тапсырыс берушіге сорғы агрегаты, жақтау, электрқозғалтқыш, сондай-ақ ілеспе және техникалық құжаттаманың толық топтамасы таныстырылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ және KARLSKRONA LC AB Қазақстан машина жасаушыларының одағы қатысушылары болып табылады. Мұндай жобаларды іске асыру сала кәсіпорындары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды көрсетіп, өнеркәсіптік кооперацияның дамуына ықпал етеді.