19.11.2025
«Қазэнергокабель» АҚ: сапа мен сенім энергиясы

«Қазэнергокабель» АҚ — Қазақстандағы кабельді өткізгіш өнімдері мен алюминийден жасалған созба сым өндіретін ең ірі зауыттардың бірі. 30 жылдан астам уақыт бойы бұл кәсіпорын елдің негізгі экономика салаларына — құрылыс, тау-кен өндірісі, телекоммуникация, мұнай-газ және энергетикаға сенімді жеткізуші болып табылады.

1994 жылы құрылған зауыт тұрақтылықтың, технологиялық дамудың және отандық инженерлік әлеуеттің символына айналды.

Бүгінгі таңда «Қазэнергокабель» жылына 50 000 км-нан астам кабель, 3 000 тонна сым және 15 000 тонна алюминий созба сымдарын шығарады — өнімнің жалпы сомасы 40 млрд теңгеден асады.

Кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның барлық аймақтарында сұранысқа ие және ЕАЭО, ТМД елдеріне, сондай-ақ Израиль, Чехия, Словакия, Австрия және Эстонияға экспортталады.

Зауыттың ерекше мақтанышы — халықаралық сертификаттау. «Қазэнергокабель» Қазақстанда бірінші болып Халықаралық электротехникалық комиссияның (IEC) сәйкестік сертификаттарын алған кабель өндіруші болып табылады. Бұл өнім сапасының әлемдік деңгейде екенін дәлелдеп, ең ірі мұнай-газ операторлары — Теңізшевройл, НКОК және Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компанияларымен серіктестікке жол ашты.

Кәсіпорынның айтуынша, еліміздің бірде-бір ірі инфрақұрылымдық немесе өнеркәсіптік жобасы «Қазэнергокабель» кабелінсіз іске аспайды.

Зауыттың негізгі бағыттарының бірі — Қазақстанның ұлттық компаниялары мен ірі өндірістік холдингтерімен ынтымақтастық. Тұрақты тапсырыс берушілер арасында ERG компаниялар тобы, «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымдары, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазмырыш» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және басқа стратегиялық кәсіпорындар бар.

«Ұлттық компаниялармен жұмыс істеу — бұл тек тұрақты тапсырыстар ғана емес, сонымен қатар сапаға, мерзімге және инновацияға жауапкершілік», — дейді зауыт қызметкерлері.

«Қазэнергокабель» АҚ клиенттердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып ынтымақтастық орнатады, икемді жеңілдіктер жүйесін ұсынады, жеткізу шарттарын қолайлы етеді, Астана, Алматы, Ақтау қалаларында филиалдары бар және еліміздің барлық өңірлерінде дилерлер желісін дамытқан.

Бұл модель жобалардың талаптарына жедел жауап беруге мүмкіндік беріп, ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалар мен телекоммуникациялық желі объектілерін салуда сенімді жеткізілімдерді қамтамасыз етеді.

Зауытта өндіріс қазіргі заманғы жабдықтарда жүргізіледі, ол ГОСТ және халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Сапа бақылауы шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі әр кезеңде жүзеге асырылады.

IEC халықаралық сертификаттарын алу қазақстандық қана емес, шетелдік тапсырыс берушілердің де сенімін арттырды, отандық кабель өнімдерінің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.

Кәсіпорынның табысы – тек технология ғана емес, командада. Зауытта жүздеген инженерлер, технологиялық мамандар, операторлар және сапа бақылаушылары еңбек етеді. Кәсіпорын құрылымында 15 түрлі қызмет бар, олар тығыз үйлесімді жұмыс істейді.

Жастарды даярлауға және дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Павлодардағы бір технологикалық колледж базасында «Кабель өндірісі» мамандығы ашылған, онда студенттер профильдік білім алып, зауытта тәжірибе жинақтайды.

Сонымен қатар, компания ішінде тәлімгерлік бағдарламалары жұмыс істейді: сертификатталған мамандар тұрақты тренингтер өткізеді, қызметкерлер біліктілік пен разрядты көтеру үшін аттестациядан өтеді.

Дегенмен, салада кадр тапшылығы сақталуда. Жастар машина жасау мамандықтарын таңдауға ынтасыз, сондықтан «Қазэнергокабель» сияқты кәсіпорындардың еліміздің инженерлік мектебін қалыптастырудағы рөлі аса маңызды.

«Біз тек кабель жасап жатқан жоқпыз – Қазақстанның болашағы үшін инфрақұрылымды құрамыз. Ал сол болашақты кәсіби мамандарсыз құру мүмкін емес», — деп атап өтеді компания мамандары.

Бүгінде «Қазэнергокабель» АҚ — тәжірибе, инновация және жауапкершілік үйлескен кәсіпорын. Сапалы өнім, ірі тапсырыс берушілермен серіктестік, халықаралық сертификаттау және адамдарға деген қамқорлық компанияны отандық машина жасаудың флагманына айналдырады.

Қазақстан машина жасаушыларының одағы мүшесі ретінде «Қазэнергокабель» өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, отандық өнімді ілгерілетуге және елдің технологиялық әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосуда.

«Қазэнергокабельді» Қазақстанның индустриялық және технологиялық дамуы үшін еліміздің салаларын, аймақтарын және адамдарын біріктіретін «кабель» деп сенімді түрде атауға болады.