Павлодар ауыр машина жасау зауытында («ПЗТМ» АҚ) «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ мен «Волковгеология» АҚ өкілдерінің сапары өтті.
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ – Қазақстан Республикасының уран, сирек металдар және атом электр станцияларына арналған ядролық отынды импорттау мен экспорттау жөніндегі ұлттық операторы. Компания құрамына кіретін «Волковгеология» АҚ – «Қазатомөнеркәсіптің» барлық қызмет бағыттарын геологиялық қамтамасыз ететін және уран өндіруші кәсіпорындарға арналған технологиялық бұрғылау жұмыстарын жүргізетін негізгі кәсіпорын болып табылады.
Сапар барысында қонақтар зауыттың технологиялық мүмкіндіктерімен танысты:
Өндірістік үдерістің толық тізбегін көрсету зауыттың атом өнеркәсібіне өнім жеткізуші әлеуетті өндіруші ретінде қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалауға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында тараптар өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және ұлттық компаниялардың өндірістік тізбектеріне отандық кәсіпорындардың қатысуын кеңейту аясындағы одан арғы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.