2025 жылдың сегіз айында еліміздің жалпы ішкі өнімнің өсімі 6,5 пайызға артты.
Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, өсімнің негізгі факторы сауда, өнеркәсіп және байланыс салаларындағы оң динамика болды.
Өнеркәсіп 7,6%-ға артты. Өңдеу секторындағы өсім қарқыны жеделдеп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% болды.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйверлері:
• машина жасау (+15,1%),
• азық-түлік өндірісі (+10,1%),
• мұнай өңдеу (+7,6%),
• химия өнеркәсібі (+7,5%),
• металлургия (+1,1%).