03.06.2025
Қазақстанда офтейк-келісімшарттарды қолдану тәжірибесін кеңейту ұсынылды

Қазақстанда оффтейк-келісімшарттарды пайдалану тәжірибесін кеңейту ұсынылды. Үкімет отырысында машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев осындай бастама көтерді.

Оның айтуынша, мұндай тәжірибе тек мемлекеттік компанияларға ғана емес, мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындарға да қатысты болуы тиіс. Осылайша, Пішембаев Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай ішкі өндірісті екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға болатынын айтты.