14.09.2026
Қазақстанда мұнай-газ машина жасауды дамыту жөніндегі форум

2026 жылғы 16 қазанда Орал қаласында Қазақстандағы мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған Форум және «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC N.V., «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Силлено» ЖШС, «KMG PetroChem» ЖШС кәсіпорындарының ашық есік күні өтеді.

Іс-шараны Мұнай-газ машина жасауды дамыту халықаралық орталығы (IMBC) ұйымдастырады.

Форумға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, мұнай-газ жобалары операторларының, сондай-ақ мұнай-газ машина жасау саласындағы отандық және шетелдік кәсіпорындардың өкілдері қатысады.

Ашық есік күні аясында операторлар сатып алатын тауарлар мен жабдықтардың электрондық каталогтары таныстырылады. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

Өтетін орны: Орал қаласы, «Атамекен Өнер Ордасы» ғимараты, 5-шағын аудан, 12/2.

Күні мен уақыты: 2026 жылғы 16 қазан, сағат 10:00.

Қатысу үшін 25 қыркүйекке дейін imbc.kz/forum сайтында міндетті түрде тіркелу қажет.

Байланыс: +7 7172 399 966 (ішкі 207), forum@imbc.kz.