Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы – мемлекет пен бизнес арасындағы басты диалог алаңы, онда машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың тұжырымдамалық бағыты қалыптасады.
Форум 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада өтеді:
Форумға 20-дан астам елден 1000-нан астам қатысушының – мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, ірі тапсырыс берушілердің және машина жасау өнімдерін өндіруші жетекші компаниялардың өкілдері – жиналуы күтілуде.
Күн тәртібінде – саланы дамытудың кешенді жоспары, шетелдік серіктестердің рөлі, роботтандыру мен цифрландыру үрдістері, сондай-ақ кадрлар даярлау мәселелері. Сонымен қатар базалық өндірістерді дамытуға және келешегі зор бағыттарға: теміржол, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, электротехникалық машина жасау, автокөлік жасау, тау-кен металлургия кешеніне арналған машина жасау салаларына ерекше назар аударылады.
Форум аясында 2026 жылғы 1–3 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Онда машина жасаудың түрлі сегменттеріне арналған заманауи технологиялар, жабдықтар мен шешімдер ұсынылады.
Маңызды салалық оқиғаның бір бөлігі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Тіркелу www.smkz.kz сайтында.
Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы ұйымдастырушылары – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қазақстан машина жасаушыларының одағы.
Бас серіктестер – «Теңізшевройл» ЖШС, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП.
Ресми серіктестер – «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы, Eurasian Resources Group, «Railways System KZ» ЖШС, «Allur» компаниялар тобы, Astana Motors.
Серіктестер – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Каспий құбыр консорциумы» АҚ, Қазақстан өнеркәсіптік инвесторлар одағы, «Қайнар – АКБ» ЖШС.
Форумды қолдағандар – «Тыныс» АҚ, «Бёмер Арматура Қазақстан» ЖШС, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «QSM Resources» ЖШС, «Жаңа құбыр технологиялары» ЖШС, «СЕМАЗ» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, «Сталь Трейд» компаниялар тобы, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» ЖШС, «Астық» элеваторлық жабдықтар зауыты» ЖШС, «Павлодар құбыр арматурасы зауыты» ЖШС, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС, «ДАФА» фирмасы» ЖШС, «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Renaissance SHIK» ЖШС, «SKB GROUP» ЖШС, «ТПБ Агромир» ЖШС, «Сайман корпорациясы» ЖШС, «KMG Automation» ЖШС, «Format MachCompany» ЖШС, «Atyrau Oil Service» ЖШС, «LED Solutions» ЖШС, «Еуразиялық механикалық зауыт» ЖШС, «АҚӨЗ – Ақтау құбыр өнімдері зауыты» ЖШС, «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК, «Оралагрореммаш» АҚ, «Элтекс Алатау» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Азиякотломаш» ЖШС.