18.06.2026
Қазақстан машина жасаушыларының одағында Ресейге тауарларды жеткізуге қойылатын жаңа талаптар талқыланды

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ алаңында өңірлік өкілдер мен машина жасау кәсіпорындары қатысуымен 2026 жылғы жиырма екінші онлайн-отырыс өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Ресей Федерациясына автомобиль көлігімен жеткізілетін тауарларды жеткізуді күтуді растаудың жүйесін енгізу мәселесі болды.

Жаңа талаптар туралы ақпаратпен ҚР «Атамекен» ҰКП Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Жанна Тілеубекова сөз сөйледі. Отырыс қатысушыларына жүйені енгізудің негізгі кезеңдері, құжаттарды рәсімдеу тәртібі және экспорттаушылар, импорттаушылар мен тасымалдаушылар арасындағы өзара іс-қимыл ерекшеліктері таныстырылды.

Жүце аясында құжаттарды ресімдеуді ресейлік импорттаушы жүзеге асыратыны атап өтілді. Ол алдын ала тиісті хабарлама беріп, қамтамасыз ету төлемін енгізіп, жүкті тасымалдау үшін QR-код алуға міндетті. Экспорттық жеткізілімдерді дайындау, ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесу және жаңа талаптар жағдайында логистикалық процестерді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында кәсіпорын өкілдері жүйені қолданудың практикалық аспектілері мен Ресей нарығына өнім жеткізу рәсімдеріндегі ықтимал өзгерістер бойынша түсіндірмелер алды.

Сондай-ақ отырыс аясында металл өңдеу станоктарына арналған перифериялық жабдықтардың әлемдегі жетекші өндірушілерінің бірі – LNS халықаралық компаниясының таныстырылымы өтті. Компания токарлық және өңдеу орталықтарының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға арналған заманауи шешімдерін ұсынды.

LNS өкілдері компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық жобаларды іске асыру тәжірибесі және машина жасау кәсіпорындарында заманауи технологиялық шешімдерді қолдану мүмкіндіктері туралы баяндады. Бүгінде компанияның сегіз өндірістік алаңы бар және өз шешімдерін әлемнің 65-тен астам елінде жүзеге асыруда.

Отырысқа қатысушылар кәсіпорындарды сыртқы нарықтардағы жаңа талаптар туралы уақтылы ақпараттандырудың маңыздылығын, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және машина жасау саласының экспорттық әлеуетін дамыту үшін заманауи технологиялық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті.

ҚР «Атамекен» ҰКП презентациясы

LNS компаниясының презентациясы