30.04.2026
Қазақстан машина жасаушыларының одағында ОТӨ-нің ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысу тетіктері талқыланды

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ алаңында өңірлік өкілдер, машина жасау кәсіпорындары мен салалық серіктестер қатысуымен 2026 жылғы он алтыншы онлайн-отырыс өтті. Қатысушылар «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өнімдерді Құрылыс конструкциялары, бұйымдары мен құрылыс материалдарының (СҚҚК-3) тізбесіне және қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу мәселелерін талқылады.

Отырысқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері қатысты.

Аталған Ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау көзделгені атап өтілді. Жобаны іске асыру тетігі жобаларды іріктеу, оларды салалық мемлекеттік органдар деңгейінде келісу, қаржыландыру көздерін айқындау және EPC-мердігерлерді таңдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуді қамтиды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде Ұлттық жоба аясында сатып алынатын өнімдердің тізбесі қалыптастырылады, бұл ретте отандық тауар өндірушілерді барынша тартуға басымдық беріледі.

Ерекше назар СҚҚК-3 – сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогының рөліне аударылды. Бұл құрал жаңғырту жобаларына бизнес қатысуының негізгі тетіктерінің біріне айналуда. ЭКСЖ цифрлық сатып алу платформасы ҚТӨ тізілімімен интеграцияланған жағдайда, өндірушілерді іріктеу СҚҚК-3 кодтары негізінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақановтың айтуынша, қазіргі таңда машина жасау өнімдерінің шамамен 10%-ында ғана ҚТӨ тізілімінде тиісті кодтар бар, бұл отандық кәсіпорындардың жобаға қатысуын едәуір шектейді.

«ЭКСЖ жобаларына қатысу үшін СҚҚК-3 кодтарының болуы міндетті. Қазіргі уақытта Одақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, «Qazindustry» АҚ-мен, «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-мен және салалық ұйымдармен тығыз жұмыс жүргізуде. Салалық мониторинг, технологиялық кооперация және ұлттық жоба аясында қазақстандық машина жасауды дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда, бұл ретте Одаққа маңызды рөл жүктеледі», – деді ол.

Отырыс барысында каталогты қалыптастыру тәсілдеріне енгізілетін өзгерістер де айтылды. Сала өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылдың мамырынан бастап жүйе жаңартылып, позициялар саны 200 мыңнан шамамен 2 мың каталогтық түрге дейін қысқартылмақ. Бұл өнімдерді жіктеу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қатысушылар СҚҚК-3 кодын алу барысында кәсіпорындар кездесетін бірқатар түйткілді мәселелерді атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан машина жасаушыларының одағы «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына ОТӨ-нің қатысу тетіктерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу жұмысын жалғастырады.

Одақтың негізгі міндеті – ұлттық жобаға отандық тауар өндірушілердің барынша кеңінен қатысуын қамтамасыз ету болып қала береді.