12.03.2026
Қазақстан машина жасаушыларының одағында өндірісті цифрлық трансформациялау мәселелері талқыланды

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ алаңында өңірлік өкілдер, машина жасау кәсіпорындары мен салалық серіктестер қатысуымен 2026 жылғы оныншы онлайн-отырыс өтті. Отырыстың тақырыбы Astana Hub қатысушысы – «Algarytm Integration» ЖШС ұсынған өндірісті автоматтандыру бойынша кешенді сараптама болды.

Отырыс барысында компания өкілдері кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау мен Индустрия 4.0 шешімдерін енгізудің заманауи тәсілдері туралы баяндады. Спикерлер қатарында – «Algarytm Integration» ЖШС-нің ERP және консалтинг практикасының директоры Юлия Гуркина, сату бөлімінің жетекшісі Бекболат Қайкенов, сондай-ақ MES өнімінің жетекшісі Федор Ложкин.

ALĞARYTM GROUP – Қазақстан мен ТМД елдеріндегі ірі кәсіпорындарда жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар цифрландыру саласындағы сарапшылар командасы. Компания жетекші халықаралық компаниялар үшін цифрлық трансформация бойынша серіктес ретінде қызмет атқарады.

Компанияның негізгі сараптамасы бизнес және өндірістік процестерді автоматтандыруды, жүйелік интеграцияны, Индустрия 4.0 шешімдерін енгізуді, сондай-ақ кәсіпорындардың цифрлық инфрақұрылымына арналған өз бағдарламалық өнімдерін әзірлеуді қамтиды. Өз қызметінде компания өндірісті автоматтандыруға арналған шешімдердің жетекші жеткізушілерімен, соның ішінде Siemens және 1С компанияларымен ынтымақтасады.

Компания сарапшыларының айтуынша, ALĞARYTM GROUP қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан кәсіпорындарына технологиялық инновацияларды енгізуге және оларды өндірістің тиімділігін арттыру мен тұрақты дамудың негізіне айналдыруға көмектесу.

Кездесу барысында қатысушыларға жүзеге асырылған салалық жобалар да таныстырылды. Олардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС персоналын басқаруды цифрлық трансформациялау, жағармай материалдарын өндіруші кәсіпорынның зертханасына Siemens Opcenter RD&L (LIMS) жүйесін енгізу, сондай-ақ «СарыАрқаАвтопром» (Allur компаниялар тобы) қазақстандық автомобиль зауытын кешенді автоматтандыру жобалары бар.

Қазақстан машина жасаушыларының одағы онлайн-отырыстары апта сайын өткізіледі және тәжірибе алмасу, заманауи технологиялық шешімдерді таныстыру, сондай-ақ салалық кәсіпорындар арасындағы кооперацияны дамыту алаңы болып табылады.


«Algarytm Integration» ЖШС презентациясы