10.09.2026
Қазақстан машина жасаушыларының одағында арбитраж мүмкіндіктері және отандық кәсіпорынның өндірістік әлеуеті талқыланды

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ-да өңірлік өкілдер мен сала кәсіпорындарының қатысуымен 2026 жылғы отыз үшінші онлайн отырыс өтті.

Отырыс барысында қатысушылар коммерциялық дауларды соттан тыс реттеу құралдарын және отандық кәсіпорынның өндірістік әлеуетін талқылады.

«Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығының өкілдері – атқарушы директордың орынбасары Айзере Қабдымәжит және даму бөлімінің басшысы Бану Бек-Булат бизнес үшін арбитраж мүмкіндіктерін таныстырды.

Қатысушыларға арбитраждық талқылаудың ерекшеліктері, оның дауларды мемлекеттік соттарда қарастырумен салыстырғанда артықшылықтары, сондай-ақ шарттарға арбитраждық ескертпені енгізу тәртібі туралы ақпарат берілді. Арбитраждың тараптарға төрешілерді таңдауға мүмкіндік беретіні, құпиялылық пен рәсімнің икемділігін қамтамасыз ететіні атап өтілді. «Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығында дауды қараудың орташа мерзімі шамамен 2,5 айды құрайды.

Сондай-ақ арбитраждың бизнес үшін өзекті болуы мүмкін жағдайлар, соның ішінде тауар жеткізуге, құрылыс және мұнай-газ жобаларына, өндіріске, энергетикаға, инвестициялық және корпоративтік жобаларға қатысты даулар қаралды.

Отырыстың екінші бөлігі «ACTON FLOW» ЖШС-нің таныстырылымына арналды. Кәсіпорынның бас директоры Ануар Өміржанов кәсіпорын шығарылатын өнімдерді және қызметінің негізгі бағыттарын таныстырды.

ACTON FLOW құбыржолдарға арналған ысырмалы және реттеуші арматура, мұнай кәсіпшілігі және шахта жабдықтарын өндіруге маманданған. Кәсіпорын Ақтау қаласының индустриялық аймағындағы өндірістік алаңда жұмыс істейді және АКМО-88 өндірістік алаңының тарихын жалғастырып келеді. Кәсіпорын өз өндірісін, инжинирингті, техникалық қолдауды, жабдықтарды жеткізу және сервистік қызмет көрсетуді дамытып келеді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттары 28 жабдық бірлігін, оның ішінде сандық бағдарламалық басқарылатын 16 жоғары дәлдікті станокты және әрқайсысының салмағы 25 тонна болатын екі 4 осьті көлденең металл өңдеу орталығын қамтиды. Кәсіпорынның негізгі құзыреттері қатарында толық өндірістік цикл, барлық кезеңдердегі сапаны бақылау, икемді өндіріс және стандартты емес шешімдер әзірлеу мүмкіндігі бар.

Компания инженерлік сараптамаға және жабдықтарды пайдалану жағдайларын – жұмыс ортасын, қысымды, температураны және сұйықтық құрамын ескере отырып таңдауға ерекше мән береді. Мұндай тәсіл компоненттер мен тораптардың өзара үйлесімділігін қамтамасыз етіп, жабдықтардың істен шығу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан машина жасаушыларының одағы онлайн отырыстарды практикалық білім алмасуға, отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін таныстыруға және саладағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытуға арналған алаң ретінде өткізуді жалғастырады.


«Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығы презентациясы