Құрметті әріптестер!
Сіздерді Жаңа 2026 жылмен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл машина жасаушылар үшін тұрақты әрі нәтижелі еңбек кезеңі болды. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен ортақ іске деген адалдықтарыңыздың арқасында Қазақстанның машина жасау саласы дамып, еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайта түсті.
Алдағы кезеңде саланы дамыту және отандық машина жасаудың ұстанымдарын одан әрі күшейту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруымыз қажет. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, алға қойған мақсаттарды табысты іске асырып, жаңа биіктерді бағындыра алатынымызға сенімдімін.
Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, жаңа өндірістік жетістіктер мен бақ-береке тілеймін.
Құрметпен,
«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ
Басқарма төрағасы
М. Пішембаев