24.10.2025
«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!


Сіздерді ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Қазақстанның машина жасау саласы – елдің индустриялық дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, табандылықтарыңыз және жауапкершіліктеріңіздің арқасында жаңа технологиялар енгізіліп, заманауи өндірістер мен жұмыс орындары құрылуда.


Сіздер отандық машина жасау саласының беделін абыроймен қорғап, еліміздің экономикасының дамуына зор үлес қосып келесіздер.


Сіздерге зор денсаулық, амандық және ертеңгі күнге нық сенім тілеймін. Еңбектеріңіз елдің өркендеуіне, машина жасау саласының дамуына және Қазақстанның гүлденуіне бағытталсын!


Құрметпен,

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ

Басқарма төрағасы

М. Пішембаев