Құрметті әріптестер!
Сіздерді Машина жасаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отандық машина жасау Қазақстанның индустриялық дамуының тірегі болып саналады. Еңбектеріңіздің арқасында энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс және экономиканың басқа да көптеген салалары дамып, нығайып келеді.
2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды. Бұл, әсіресе, машина жасаушылар үшін ерекше мәнге ие. Өйткені еліміздің индустриялық әлеуетін қалыптастыратындар – инженерлер, конструкторлар, жұмысшылар мен саланың барлық мамандары. Сіздер – экономиканың сенімді тірегі әрі Қазақстанның болашағын құрушысыздар.
Отандық кәсіпорындар заманауи технологияларды меңгеруде, бәсекеге қабілетті өнім шығаруда және экспорттық әлеуетті арттыруда. Бұл сіздің кәсібилігіңіздің, жауапкершілігіңіздің және адалдығыңыздың нәтижесі.
Алда ауқымды міндеттер күтіп тұр. Жаңа жобаларды жүзеге асыру, өндірістерді жаңғырту және салалық әлеуетті нығайту. Сіздің біліміңіз, тәжірибеңіз бен өз ісіңізге адалдығыңыз осы мақсаттарға жетуге және дамудың жаңа көкжиектерін ашуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа идеялар мен жетістік тілеймін. Еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, машина жасау саласының табыстары баршамыздың мақтанышымызға айналсын.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті машина жасаушылар!
Ізгі тілекпен,
«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ
Басқарма төрағасы
М.Пшембаев