Құрметті машина жасаушылар!
Сіздерді Машина жасаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке өз еңбегі, білімі, кәсібилігі мен ісіне адалдығы арқылы отандық машина жасау саласының дамуына үлес қосып жүрген баршамызды біріктіреді.
Бірлескен күш-жігерімізбен өндірісті одан әрі дамытып, жаңа технологияларды енгізіп, саланың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыра беретінімізге сенімдімін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, тұрақтылық және жаңа жетістіктер тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым лайықты нәтижесін беріп, өндірістегі әрбір жетістік еліміздің өркендеуіне қызмет етсін!
Ізгі тілекпен,
«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ
Басқарма төрағасы
М.Пішембаев