15.12.2025
«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер!


Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Бұл маңызды күн халқымыздың еркіндікке, бірлікке және өркендеуге деген ұмтылысын бейнелейді.


Қазақстанның машина жасау саласы елдің индустриялық дамуының тірегі болып табылады. Сіздердің кәсібилігіңіз бен табандылығыңыз арқасында жаңа технологиялар енгізіліп, заманауи өндірістер мен жұмыс орындары құрылуда.


Сіздерге зор денсаулық, амандық, сарқылмас күш-қуат және жаңа жетістіктер тілеймін. Бірлігіміз бен бірлескен еңбегіміз арқасында еліміздің технологиялық әлеуетін одан әрі нығайтамыз.


 

Құрметпен,

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ 

Басқарма төрағасы 

М. Пішембаев