29.09.2025
Қазақстан машина жасаушыларының одағы Социалистік Еңбек ері Валентин Щербаковты құттықтады

Еңбек күні мен Машина жасаушылар күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Қазақстан машина жасаушыларының одағы елордада тұратын жалғыз Социалистік Еңбек Ері Валентин Петрович Щербаковты құттықтады.

1936 жылы дүниеге келген Валентин Петрович бар ғұмырын Отанға қызмет етуге арнады. Тың игеру кезеңінде Қазақ КСР-інің Целиноград жүк автокөлік басқармасында жүргізуші-шебер болып еңбек етіп, ол алғашқылардың бірі болып массасы 80 тоннаға дейінгі автопоездармен жүк тасымалдаудың озық тәжірибесін енгізді. Бұл тасымал көлемін айтарлықтай арттырып, жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді. Абсолюттік рекорд орнатып, ол жеке бесжылдық жоспарын небары 3,5 жылда орындады.

Ерекше еңбегі үшін 1976 жылы Валентин Петровичке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Зейнетке шыққаннан кейін де ол 79 жасына дейін жүк көліктерін жүргізіп, еңбек етуді жалғастырды.

ҚМЖО Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов Валентин Петровичті машина жасаушылар күнімен құттықтап, оған Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың алғыс хатын табыстады. Ол ардагердің саланы дамытуға қосқан зор үлесін атап өтіп, оның өмір жолы өскелең ұрпақ үшін еңбексүйгіштік пен патриотизмнің жарқын үлгісі екенін ерекше атап өтті.