Астанада «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Басқармасының отырысы онлайн форматта өтті. Отырыс барысында Одақ қызметінің өзекті мәселелері және Одақ қатысушыларының Жалпы жиналысына дайындық мәселелері қаралды.
Басқарма отырысын Одақ Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Владимир Туреханов ашып, сала кәсіпорындарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мен ұйым қызметінің тетіктерін одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Басқарма мүшелеріне Тексеру комиссиясының төрағасы Асқар Қажкенов ұсынған Одақтың Тексеру комиссиясының 2025 жылғы есебі, сондай-ақ Одақтың Атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков таныстырған өткен жылғы Одақ қызметінің қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.
Баяндама барысында Одақтың 2025 жылғы негізгі жұмыс нәтижелері ұсынылды. Атап айтқанда, 2024–2028 жылдарға арналған машина жасауды дамытудың кешенді жоспарын іске асыруға қатысу, өңдеуші өнеркәсіп саласындағы заңнаманы жетілдіру және ел ішіндегі құндылықты дамыту жөніндегі жұмыстар, Қазақстан машина жасаушыларының XII форумы мен Kazakhstan Machinery Fair-2025 көрмесін өткізу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту және сала кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.
Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқармасы төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов Одақтың алқалы органдарының құрамын өзектендіру жөніндегі ұсыныстарды, оның ішінде Үйлестіру кеңесі мен Тексеру комиссиясының құрамына енгізілетін өзгерістерді таныстырды.
Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Одақтың Тексеру комиссиясы құрамының өкілеттігін ұзарту ұсынылды.
Атқарушы дирекция ұйымдардың Одақ қызметіне нақты қатысуын, мүшелік міндеттемелерінің орындалуын, сондай-ақ олардың заңды және өндірістік мәртебесінің өзектілігін талдады.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша бірқатар ұйымдардың қазіргі өндірістік қызметін, Одақ жұмысына қатысу деңгейін және машина жасау саласын дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, Жалпы жиналысқа қатысушылар құрамына өзгерістер енгізу ұсынылды. Аталған ұсыныстар Одақ қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша Басқарма мүшелері ұсынылған материалдарды назарға алып, тиісті мәселелерді 2026 жылғы 2 шілдеде өтетін Одақ қатысушыларының Жалпы жиналысының қарауына шығаруды қолдады.
Одақ Жарғысына сәйкес, Басқарма, Үйлестіру кеңесі және Тексеру комиссиясы мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату, сондай-ақ ұйым қызметінің негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау Одақ қатысушыларының Жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатады.