26.03.2026
Қазақстан машина жасаушылар одағында саладағы зияткерлік меншікті қорғау тетіктері талқыланды

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ алаңында өңірлік өкілдер, машина жасау кәсіпорындары мен салалық серіктестер қатысуымен 2026 жылғы он екінші онлайн-отырыс өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, патенттерді тіркеу және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері қаралды. Бұл бағыттар отандық машина жасауды дамыту және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аса маңызды.

«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Kazpatent) физика және машина жасау саласындағы патенттік сараптама басқармасының бас сарапшысы Сәлім Әмір патент алуға өтінім беру тәртібін, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеудің құқықтық негіздерін түсіндірді.

Өтінім беру және патент алу құқығы әзірлеме авторларына, жұмыс берушілерге, құқықтық мирасқорларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғаларға тиесілі екені атап өтілді.

Жиын барысында жеделдетілген патенттеу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Бұл тетік басым бағыттардағы өнертабыстарға қолданылады, олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға бағытталған экологиялық шешімдер, сондай-ақ медицина саласындағы әзірлемелер бар.

Сондай-ақ отырыс барысында патенттеу алгоритмі ұсынылды. Ол алдын ала патенттік іздеу жүргізуді, өтінімді заңнама талаптарына сәйкес дайындауды, сараптамалық ұйыммен өзара іс-қимылды және патент алуды қамтиды.

Зияткерлік меншікті қорғау бойынша жүйелі жұмыс машина жасау саласындағы инновацияларды дамытудың маңызды факторы болып табылады.


Kazpatent презентациясы