12.03.2026
Қазақстан машина жасау саласы: өндіріс өсімі және экспорттық әлеует

Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсімді көрсетуді жалғастыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 5,7 трлн теңгеге жетіп, соңғы 10 жылда көрсеткіш 8,5 есеге артты.

Бүгінде сала өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жетекші бағыттардың біріне айналып, оның үлесі шамамен 20%-ды құрайды.

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Махамбет Мендіғалиевтің айтуынша, отандық машина жасау өнімдері шетел нарықтарына белсенді түрде экспортталуда.

Теміржол машина жасау саласының өнімдері Әзербайжанға, Орталық Азия елдеріне және Вьетнамға экспортталса, арнайы машина жасау өнімдеріне Еуропалық одақ елдерінде сұраныс жоғары. Сонымен қатар, ТМД елдеріне және Ресей Федерациясы нарығына жеткізілімдерді одан әрі кеңейту әлеуеті сақталуда.

Қазақстан машина жасаушыларының одағы саланы дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Толығырақ 24KZ телеарнасының сюжетінде.