12.09.2025
Қазақстан инжиниринг: ұлттық қауіпсіздіктің сенімді сақшысы

2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында елдің технологиялық және цифрлық егемендігін нығайтуға ерекше назар аударды. Басымдықтардың қатарында ол ғылым мен технологияны дамытуды, экономиканы жаңғыртуды, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуды және қоғамды қолдауды атап өтті. Бұл бағыттар «Қазақстан инжиниринг» компания топтары ерекше орын алатын қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары үшін маңызды бағдар болып табылады.


Бүгінгі таңда «Қазақстан инжиниринг» - жай ғана зауыттар мен конструкторлық бюролар тобы емес. Бұл Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібін стратегиялық жоспарлауды, технологиялық трансформациялауды және басқаруды қамтамасыз ететін бірыңғай құрылым. 2003 жылы құрылғаннан бері Холдинг жоғары технологиялар нарығындағы негізгі ойыншылардың біріне айнала отырып, саладағы позицияны сенімді түрде нығайтты.


Осы жылдар ішінде «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорны инновациялық технологияларды әзірлеу мен қару-жарақты жаңғыртудан бастап қорғаныс-өнеркәсіп секторы үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама мен стандарттарды жасауға дейінгі міндеттердің кең спектрін игерді. Мұнда ғылыми қызметкерлер, инженерлер, конструкторылар және басқа да маман шеберлері жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы елдің қауіпсіздігіне тікелей байланысты болатын стратегиялық деңгейдегі күрделі міндеттерді шешуге үлес қосады.


Сонымен қатар, Компаниялар тобының құрылымында тікелей жұмыс істейтін адамдарға ерекше назар аударылады. 2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды және «Қазақстан инжиниринг» бұл бастаманы белсенді қолдайды. Зауыттарда тәлімгерлік, цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағдарламалары іске асырылуда. Жас мамандар заманауи технологияларды үйренуге, мемлекеттік және халықаралық ауқымдағы жобаларға қатысуға мүмкіндік алады. Бұл тәсіл кәсіби команда құруға ғана емес, сонымен бірге еңбек пен білім бағаланатын тұрақты корпоративті орта құруға мүмкіндік береді


Онымен қоса, Холдингтің рөлі қорғаныс саласынан әлдеқайда асып түседі. «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары ел экономикасының дамуына ықпал етеді: жаңа өндірістер ашады, заманауи ғылыми-техникалық базаны қалыптастырады, өңірлерде жұмыс орындарын құрады. Бұл Жолдауда белгіленген міндеттерге - азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, экономиканы нығайтуға және мемлекеттің тұрақтылығын арттыруға тікелей сәйкес келеді.


Осылайша, Холдингтің кәсіпорындары қорғаныс саласында ғана емес, ел экономикасында да маңызды рөл атқарады. Олар жаңа өндірістерді қалыптастырады, ғылыми-техникалық базаны нығайтады және жұмыс орындарын құрады. Президенттің Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға: экономиканың тұрақтылығына, цифрландыруды күшейтуге және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тікелей жауап береді.


Дереккөз: https://ke.kz/press-center/news/5399/