Қазақстандық автоматтандыру және робототехника қауымдастығының мүшесі болып табылатын «Vexor» ЖШС кәсіпорын өкілдерін өндірісті роботтандыру бойынша практикалық үш күндік курсқа қатысуға шақырады.
Оқыту бағдарламасы кәсіпорындардың жетекші инженерлеріне арналған және өндірісте роботтандырылған шешімдерді енгізу бойынша тәжірибелік білім алуға бағытталған.
Курс аясында қатысушылар кәсіпорынды роботтандырудың орындылығына аудит жүргізу, техникалық тапсырма әзірлеу, роботтандыру жобаларын іске қосу және сүйемелдеу, өнеркәсіптік роботтардың жұмыс қағидаттары, өнеркәсіптік қауіпсіздік, жабдықтарды диагностикалау және қызмет көрсету, бақылағыштарды басқару, сондай-ақ жабдықты қайта іске қосу мәселелерімен танысады.
Курс қатысушыларға роботтандырылған технологияларды енгізу туралы кешенді түсінік алуға, жобаларды іске асыру кезіндегі тәуекелдерді азайтуға және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өтетін күндері: 2026 жылғы 10–12 тамыз
Өтетін орны: Астана қаласы, Nazarbayev University
Қазақстан машина жасаушыларының одағы мүшелері үшін қатысудың арнайы құны қарастырылған.
Қатысу және тіркелу мәселелері бойынша: +7 705 111 20 10, info@vexor.kz