01.04.2026
Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы басталады

Ертең, 2 сәуірде, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы ашылады.

Форум – мемлекет пен бизнестің негізгі диалог алаңы, мұнда машина жасау саласы мен өңдеу өнеркәсібінің концептуалды даму көрінісі қалыптасады.

Биыл форумға 1000-нан астам қатысушы, соның ішінде Австрия, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Латвия, Португалия, Ресей, Түркия, Чехия, Украина, БАӘ, Оңтүстік Корея және басқа да 20-дан астам елден мемлекеттік органдардың, ірі тұтынушылардың және жетекші машина жасау компанияларының өкілдері қатысады.

Форум бағдарламасы машина жасауды кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру, шетелдік серіктестердің рөлі, саланы цифрландыру мен роботтандыру, сондай-ақ білікті кадрларды даярлау мәселелерін қамтиды. Сонымен қатар негізгі өндірістерді дамытуға және перспективалы бағыттарға – теміржол, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, электротехника, автомобиль жасау және тау-кен металлургия саласындағы машина жасауға ерекше назар аударылады.

Форум аясында 1 сәуірден бастап VII Халықаралық машина жасау және метал өңдеу көрмесі Kazakhstan Machinery Fair-2026 жұмысын бастады. 24 елден келген 280-нан астам компания 10 мың шаршы метрден асатын алаңда машина жасау, метал өңдеу, өндіріс процестерін автоматтандыру және инженерлік жаңғырту саласындағы шешімдерін көрсетуде.

Онлайн трансляцияны Қазақстан машина жасаушыларының одағының Youtube-арнасынан көруге болады.


Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы ұйымдастырушылары – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қазақстан машина жасаушыларының одағы.

Бас серіктестер – «Теңізшевройл» ЖШС, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП.

Ресми серіктестер – «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы, Eurasian Resources Group, «Railways System KZ» ЖШС, «Allur» компаниялар тобы, Astana Motors.

Серіктестер – «Каспий құбыр консорциумы» АҚ, Қазақстан өнеркәсіптік инвесторлар одағы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Самрұқ-Энерго», «Қайнар – АКБ» ЖШС.

Форумды қолдағандар – «Тыныс» АҚ, «Бёмер Арматура Қазақстан» ЖШС, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «QSM Resources» ЖШС, «Жаңа құбыр технологиялары» ЖШС, «СЕМАЗ» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС, «Сталь Трейд» компаниялар тобы, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» ЖШС, «Астық» элеваторлық жабдықтар зауыты» ЖШС, «Павлодар құбыр арматурасы зауыты» ЖШС, «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС, «ДАФА» фирмасы» ЖШС, «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Renaissance SHIK» ЖШС, «SKB GROUP» ЖШС, «ТПБ Агромир» ЖШС, «Сайман корпорациясы» ЖШС, «KMG Automation» ЖШС, «Format MachCompany» ЖШС, «Atyrau Oil Service» ЖШС, «LED Solutions» ЖШС, «Еуразиялық механикалық зауыт» ЖШС, «АҚӨЗ – Ақтау құбыр өнімдері зауыты» ЖШС, «Орал құю-механикалық зауыты» ӨК, «Оралагрореммаш» АҚ, «Элтекс Алатау» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «Азиякотломаш» ЖШС.