Астанада Wabtec Corporation халықаралық тобына кіретін «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ (ЛҚЗ) 700-ші локомотив шығарды. Оның 655-І «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ паркінде пайдаланылады.
Мерейтойлық локомотивтің шығарылуына орай кәсіпорында салтанатты іс-шара өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов ЛКЗ-ның локомотив жасауды дамытуға және теміржол саласының өндірістік базасын нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
17 жыл ішінде ЛҚЗ Қазақстандағы локомотивтердің ірі өндірушілерінің бірі болды. Кәсіпорында 530 астам адам жұмыс істейді, өндірістік қуаты жылына 120 локомотивке дейін.
Зауыт Evolution сериялы жүк локомотивтерін шығарады. Өнімдер Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина, Моңғолия және Өзбекстанға жеткізіледі.
ЛКЗ айналасында өндірістік-сервистік кластер құрылып, онда 1 400 астам маман жұмыс істейді. Олар локомотивтерді, жабдықтарды және қосалқы бөлшектерді өндіруді, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Evolution жүк локомотивтерінде пойызды басқарудың жекелеген процестерін автоматтандыратын, отын шығынын азайтуға және пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал ететін Trip Optimizer жүйесі енгізілуде. 2024 жылдан бастап жүйе локомотивтерге өнеркәсіптік ауқымда орнатылуда.
ЛҚЗ теміржол саласы үшін мамандар даярлауға да қатысады. 2011 жылдан бастап кәсіпорында 150 астам студент өндірістік тәжірибеден өтті. Зауыт бейінді колледждермен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтасқан.
ҚТЖ ЛҚЗ-мен бірлесіп әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының Сексеуілінде Оқушылар сарайы мен Ақтөбе облысының Шалқарында Өнер мектебінің құрылысы жүргізілуде.
Дереккөз: railways.kz