25.11.2025
Alstom компаниясы Шу сервис орталығында дөңгелек-өткізгіш токарлық станокты іске қосады

Қазақстан Республикасы Үкіметімен жасалған инвестициялық келісім шеңберінде Alstom компаниясы Шу қаласындағы сервис орталығында дөңгелек-өткізгіш токарлық станоктың іске қосу жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2024 жылдың соңында жабдық Шуға жеткізіліп, 2025 жылдың наурыз айында монтаж жұмыстары толық аяқталды. Іске қосу және жөндеу және қызметкерлерді оқыту 2025 жылдың қазан айында сәтті жүргізілді.

Осы заманауи жабдықтың орнатылуы ҚТЖ эксплуатациялық паркіндегі локомотивтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, себебі дөңгелек жұптарын өңдеу уақыты кем дегенде 50%-ға қысқарады.

Бұл – Alstom компаниясының Қазақстанның теміржол саласын дамытуға қосқан маңызды үлесі. Жаңа жабдық халықаралық стандарттарға сәйкес техниканы сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, бүкіл желі бойынша пойыздардың үздіксіз қозғалысына ықпал етеді.