2025 жылы отандық машина жасау саласы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі өз позициясын одан әрі нығайтты. AGROMASH зауыты өндіріс көлемін арттырып, халықаралық жетекші брендтермен серіктестігін кеңейтті және бүгінде елдегі ауыл шаруашылығы техникасы нарығының шамамен 40 пайызын иеленіп отыр. Компанияда өтіп бара жатқан жылдың қорытындысы шығарылды.
Өндіріс өсімі және жаңа әзірлемелер
Компания мәліметінше, жыл қорытындылары өндірістің сенімді өсімін көрсетіп отыр: тракторлар мен комбайндар бойынша өндірістік жоспар 110 пайызға орындалды.
«2026 жылға арналған жоспарымыз — өндірістік көрсеткіштерді шамамен 27 пайызға арттыру. Мысалы, Amazone егіс кешендерінің өндіріс көлемі екі есеге ұлғаяды. Біз Lovol тракторлары мен Essil комбайндарының кабиналарын өндіруді игердік және жергіліктендіруді одан әрі тереңдетіп жатырмыз. Жалпы, биыл зауытта 400 мыңнан астам компонент бірлігі өндірілді. Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында қызметкерлер қатарын “толықтырдық” — роботтар сатып алынды. Олар кабиналар, сабан ұсатқыштар мен көлбеу камералар өндірісіндегі үдерістерді автоматтандырып, дәнекерлеу тігістерін одан әрі мінсіз етеді. Бұдан бөлек, жаңғырту және ХТС-процесін енгізу құю өндірісінің тиімділігін арттырып, өнімділікті 6 есеге ұлғайтты», — деді өндіріс жөніндегі директор Бахтияр Балғужин.
2025 жылдың басты жетістіктері
AGROMASH деректеріне сәйкес, бұл жыл сала үшін бетбұрыс кезеңі болды. Агроөнеркәсіптік кешендегі турбуленттілік пен сын-қатерлер жағдайында зауыт бүгінде қазақстандық егіс алқаптарында нақты нәтиже беріп жатқан жобаларды іске қосты — техникада, технологияда және сервисте.
«Біз әрдайым business-to-business форматында жұмыс істейміз, фермерлерді тыңдаймыз және олардың нақты сұраныстарына бейімделеміз. Өндірістің оң динамикасы дұрыс бағытта келе жатқанымызды дәлелдейді. Биыл өздігінен жүретін және тіркемелі техниканы шығарумен қатар, жаңа әзірлемелерді тікелей алқапта сынақтан өткіздік. Соның ішінде астық, бұршақ және майлы дақылдармен ең аз өнім жоғалту арқылы тиімді жұмыс істей алатын отандық дестелегіш бар. Келесі жылы қазақстандық фермерлерді дәстүрлі жаңалықтар күтеді — 300 ат күшіне ие LOVOL тракторы және 9 метрлік дестелегішgty жабдықталған LOVOL GK 150 комбайны, сондай-ақ техникалық дақылдарға арналған төмен кесімді дестелегіштерді бейімдеу мүмкіндігі», — деді коммерциялық директор Николай Пархоменко.
John Deere: жергіліктендіру, инвестициялар және технологиялар
Көктемде AGROMASH зауытының базасында John Deere компаниясының өздігінен жүретін, тіркемелі және аспалы техникасын өндіру басталды. Биылғы маусымның өзінде жергіліктендіру орталығынан отандық үлесі бар тракторлар, комбайндар мен бүріккіштер жөнелтілді. 2025 жылы Қостанайда John Deere маркасының 430 дана техникасы өндірілді.
Компания атап өткендей, жылдың басты оқиғасы — Қазақстан мен John Deere арасындағы 2,5 млрд АҚШ долларына бағаланған стратегиялық келісімге қол қойылуы болды. Құжатқа Вашингтон қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, AGROMASH зауыты, Eurasia Group AG және John Deere Walldorf International GmbH қол қойды.
Келісім Қазақстанда заманауи агротехнологиялық кластер құрудың негізін қалап, мыналарды көздейді:
Қазақстан — өңірлік хаб
Келісім аясында IFC (Дүниежүзілік банк тобы) қаржыландыруымен Астана, Петропавл және Павлодар қалаларында сервистік орталықтар салынатыны атап өтілді. Сондай-ақ 2026 жылы Көкшетау мен Түркістанда екі ірі қосалқы бөлшектер хабы іске қосылады. Бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға, қосалқы бөлшектердің қолжетімділігін арттыруға және Қазақстанды ТМД елдері үшін John Deere-дің өңірлік логистикалық хабына айналдыруға мүмкіндік береді.
24/7 сервис және адамдарға инвестиция
AGROMASH сервистік бағытты да күшейтті: сервистік инженерлер мен механизаторларды оқыту бағдарламалары іске қосылды, жаңа филиалдар мен сервистік пункттер ашылды, орталықтандырылған диспетчерлік қызмет құрылды. 150-ге жуық сервистік автокөлік сатып алынды. Алдағы жоспарларда — техниканы онлайн-диагностикалау, тәулік бойы қолдау желісі және AGROMASH Құзыреттер орталығын құру бар.
Өндіріс көлемі мен нарықтағы үлесін арттыра отырып, зауыт сервисті стратегиялық бағыт ретінде дамытып келеді.
«Біз сервистік инженерлерді тұрақты оқыту бағдарламасын іске қостық. Сонымен қатар, клиенттеріміздің механизаторларына арналған оқыту бағдарламасы басталды. “Қысқы мектеп” бағдарламасы тұрақты форматқа көшіп, AGROMASH-тың әрбір серіктесіне қолжетімді болды», — дейді сервис және қосалқы бөлшектер жөніндегі директор Самат Жамбеталин.
«Қазақстанға отандық өндіріс қажет»
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің болашағы мен дамуын фермерлердің өзі де қолдайды.
«Машина жасау саласы Қазақстанда болуы тиіс және дамуы керек. Егер зауыттар ел ішінде болса, қосалқы бөлшектер мен сервистің бар екеніне сенімді боламыз — ал маусым кезінде бұл біз үшін ең маңыздысы. Үш жыл бұрын Lovol тракторлары осылай өзін көрсетеді деп ойладық па? Жоқ. Ал бүгін біз олардың болашағын және баламалармен салыстырғандағы артықшылықтарын көріп отырмыз», — деп бөлісті «Родина» агрофирмасының басшысы Иван Сауэр.
Компанияда атап өткендей, бүгінде жергіліктендіру орталығының базасында John Deere, Lovol, Amazone, Essil, Deutz-Fahr, «Кировец», Claas, KIA, Allur, KAMLITKZ және басқа да жетекші әлемдік және қазақстандық брендтер үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен компоненттерін өндіру шоғырланған.